Зульфия  Габидуллина – пара жүзуден  әлемдік серияның қола жүлдегері атанды  – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Зульфия  Габидуллина – пара жүзуден  әлемдік серияның қола жүлдегері атанды 


1-3 мамыр аралығында Парижде пара жүзуден әлемдік серия жарысында өнер көрсеткен Зульфия Габидуллина 150 м кешенді жүзу дистанциясын 3 минут 47 секунд уақыт көрсеткішімен еңсеріп, қола жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Өзбекстан спортшысы Лолахан Кадирова (3:00.51), екінші орынды ресейлік Зоя Щурова (3:34.21) алды.

 Оған қоса, бұл жарыста Диас Кенжебек S10 класында 100 м шалқалап жүзу дисциплинасында 1 минут 3 секунд нәтижесімен Азия рекордын жаңартты.

«Аталмыш бәсекеде  Қазақстан тарапынан  Зульфия Габидуллина, Наталья Звягинцева, Диас Кенжебек, Ержан Салимгереев, Саулет Рахманберды және Максат Сарсембаев  ел намысын қорғады. Алдағы уақытта команданың спортшылары 7-9 мамыр аралығында Германияның Берлин қаласында өтетін әлемдік серия жарысына аттанады. Бұл  турнир биыл 18-26 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін  Азия Пара ойындарына рейтингтік  болып табылады. Біздің басты мақсатымыз – спорттық нормативтерді орындап, үздік нәтиже көрсету»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара жүзуден бас жаттықтырушысы Айдар Картпаев. 

Айта кетейік, Францияның астанасында пара жүзуден өткен әлемдік серия жарысына 39 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 + five =