Қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен халықаралық турнирде қола медаль еншіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен халықаралық турнирде қола медаль еншіледі


Черногорияның Подгорица қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара үстел теннисінен ITTF WORLD Para Challenger Podgorica  халықаралық турнирінде  XD 14  класында Али Махулбеков пен  Раушан Орынбаева аралас-жұптық  сында қола жүлдегер атанды. Қазақстандық пара спортшылар топтық кезеңде испаниялық қарсыластарына 3:0 есебімен есе жіберіп, Болгария елінің спортшырын 3:1 ұпаймен ұтып, ширек финалда бейтарап елдің спортшыларына 3:0 есебімен жол берді.

 Айта кетейік, пара үстел теннисінен ITTF WORLD Para Challenger Podgorica  турнирі 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтті. Жарысқа 41 елден 250-ге жуық спортшы өнер көрсетті.

 Алдағы уақытта пара үстел теннисінен Қазақстан командасының спортшылары 5-9 мамыр аралығында  Лашко қаласында (Словения) өтетін халықаралық жарысқа  аттанады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 − seventeen =