Қазақстандық сурдо спортшылар шахматтан Әлем чемпионатында 4 медаль еншіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық сурдо спортшылар шахматтан Әлем чемпионатында 4 медаль еншіледі


Рокетас-де-Мар муниципалитетінде (Испания) есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар классикалық шахматтан  2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Аталмыш бәсекеде жекелей сында Нина Жуковская күміс және Берік Нұрымов қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, жастар арасында командалық жарыста өнер көрсеткен Дінмұхаммед Оралбаев пен  Диас Усманов күміс медальді еншіледі. Ересектер арасында  командалық сында Самажан  Кеттебеков,  Нариман Наурызғалиев, Сұлтан Қожахметов, Виктор Максименко пен Максим Рожков  қола жүлдеге ие болды.

«Бұл чемпионатта Қазақстан тарапынан 13 спортшы қатысуда.  Аталмыш бәсеке 2027 жылы  15-24 қаңтар аралығында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады.  Алдағы уақытта спортшыларымыз рапид және блиц бойынша жекелей және командалық бәсекелерде бақ сынайды»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Абай Ахметов.

Айта кетейік, сурдо шахматтан Әлем чемпионаты 6-15 мамыр аралығында өтуде. Жарысқа 30 елден 120 спортшы қатысуда.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three + three =