Қарағандыда сурдо таеквондодан ел чемпионаты аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қарағандыда сурдо таеквондодан ел чемпионаты аяқталды


Қарағандыда есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында таеквондодан  ел біріншілігі өтті. Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен 100-ден аса спортшы қатысып, керуги және пумсэ бағдарламалары бойынша сынға түсті.  Жарыста ерлер -54 кг, -58 кг, -63 кг, -68 кг, -74 кг, -80 кг, -87 кг, +87 кг, ал әйелдер -46 кг, -49 кг, -53 кг, -57 кг, -62 кг, -67 кг, -73 кг, +73 кг салмақ дәрежелері бойынша медальдарды  сарапқа салды

«Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Қарағанды қаласы, екінші орынды Жамбыл облысы, ал үшінші орынды Абай облысы иеленді. Чемпионатта үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына қосылады. Алдағы уақытта ұлттық құрама спортшылары жазғы Сурдлимпиада ойындарының алдында 15–30 маусым аралығында Қарағандыда оқу-жаттығу жиындарына қатысады. 15–26 қараша аралығында Токиода өтетін жылдың басты жарысы — жазғы Сурдлимпиада ойындарында да    спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз», — деді сурдо таеквондодан бас жаттықтырушы Ербол Симамбаев.

Айта кетейік, ел біріншілігі 6-8 маусым аралығында өтті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × one =