Пара садақ атудан Спартакиада аясында жарыс өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара садақ атудан Спартакиада аясында жарыс өтті


7-11 маусым аралығында Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара садақ атудан Спартакиада аясында жарыс өтті. Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 50-ден астам спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 70 м классикалық, 50 м блогтық, V1 – 50 м, W1 – 50 м қашықтықтары, мик  және олимпиадалық айналым жүйесі дисциплиналары  бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жетісу облысы 549 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, Астана қаласы 520 ұпаймен екінші, ал Шымкент қаласы 449 ұпаймен үшінші орынды жеңіп алды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 − 5 =