Руфат Хабибуллин әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Руфат Хабибуллин әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды


Үндістанның Дели қаласында пара жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Руфат Хабибуллин найза лақтырудан  47.14 м нәтижесін көрсетіп, қола жүлдені еншіледі. Жарыста алтын медальді 71.37 м нәтижесімен үндістандық спортшы Самит женіп алса, күміс жүлдені 48.38 м көрсеткішімен  колумбиялық спортшы Томас Филип Сато мина иеленді. Аталмыш додада ел намысын Дастан Мукашбеков, Иван Залезняк, Ислам Салимов, Еламан Жоламан мен  Диана Шапошникова қорғауда.

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 5-ші қазанға дейін жалғасады. Жарыста әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен 1000-нан астам спортшы 184 дисциплинада өнер көрсетуде.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − two =