Фариза Толжан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Фариза Толжан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды


Қазақстандық спортшы Фариза Толжан  Каирде пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 50 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша  285 кг бағындырып, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені венесуэлалық Ориана дель Кармен Теран Веласке (284 кг), ал қола жүлдені  кубалық Лейди Родригес (282 кг) алды.

Оған қоса,  88 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рахметжан Хамаев  әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Үш тәсілдің қосынды бойынша қазақстандық пара спортшы 592 кг бағындырды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 17 қазанға дейін жалғасады. Алдағы уақытта  ұлттық құраманың 11 пара спортшысы ел намысын қорғайтын болады.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen + one =