Қазақстандық пара спортшылар Әлем кубогында 1 «алтын» және 3 «қола» медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылар Әлем кубогында 1 «алтын» және 3 «қола» медаль жеңіп алды


Пара оқ атудан Әлем кубогында қазақстандық Еркін Габбасов R1 пневматикалық мылтықпен ату дисциплинасында финалдық бәсекеде 250.6 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.  Екінші орынды Словакия спортшысы Радослав Малиновский 249.8 ұпайымен еншілесі, үшінші орынды  226.9  ұпаймен даниялық мерген Мартин Иоргенсен иеленді.

Бұл Еркін Ғаббасовтың пара оқ атудан Әлем кубогындағы  осымен екінші алтын медалі.  Бұған дейін 2024 жылы Оңтүстік Корея елінде өткен жарыста R1 дисциплинасында 250.3 ұпаймен жеңімпаз атанған болатын.

Сондай-ақ, жарыста Еркін Габасов пен Ана Довгелевич R10 (мылтық) аралас жұптық дисциплинада,  Никита Ермаков пен Севда Алиева P6 (тапанша) аралас жұптық бәсекеде, R1 (мылтық) командалық  жарысында сынға түскен Еркін Ғаббасов, Арсен Мұратов пен Рамазан Мұқатаев қола медаль  алды.

Айта кетсек, пара оқ атудан Әлем кубогы Эль-Айн қаласында (БАӘ) 28 қазан мен 5 қараша аралығында өтуде. Жарыста 32 елден 202 спортшы өнер көрсетеді.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen + 17 =