Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары: екінші жарыс күннің қорытындысы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары: екінші жарыс күннің қорытындысы


Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 39 медаль  жеңіп алды.  пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара үстел теннисі, пара садақ ату, бочча, пара қол күрес және голбол спорт түрлері нен сайстарда бақсынады.

Пара пауэрлифтингте спортшыларымыз ел қоржына 3 медаль салды:

61 кг салмақ дәрежесінде  Мелена Азикина 50 кг салмақты көтеріп, күміс медальді иеленсе, ерлер арасында Вазир Надыров 59 кг салмақта дәрежесінде 115 келі зіл темірді бағындырып, қола жүлдегер атанды. Заңғар Ералиев 88 кг салмақ дәрежесінде 133 кг зіл темірді көтеріп, қола жүлдені иеленді.

Пара қол күрестен ел құрмасы 11 медаль еншіледі:

Ермекбаева Айдана (60 кг) 2 алтын, Мұқатай Нұржауған (65кг) алтын және қола, Аманов Нурым (65+ кг) 1 алтын, Абилда Сергали (55 кг) 2 күміс, Романькова Ольга 2 қола,  Алдебеков Амир (65+кг ) 1 қола және Молдахметов Шынгыс (65 кг) күміс медаль жеңіп алды.

Пара үстел теннисінде  4  жүлде: ерлер арасында жекелей сында Әли Махулбеков (8 класс) жекелей сында  алтын медальді иеленсе, Игорь Худяков күміс жүлдені еншіледі. Әйелдер арасында жекелей сайыста Жұлдыз Ерубаева  (7 класс) күміс медельді иеленсе,  Алтынай Ержанқызы (9 класс) қола жүлдегер атанды.

 

Пара жүзуден ұлттық құрама 19 медаль иеленді:

Нұрдәулет Дүйсенбаев 2 алтын,  Әсия  Мұрзағалиева 1 күміс және 3 қола, Аделя Калиев 3 алтын, Кирилл Ресслер 1 алтын, Әли Тұрғанбеков 2 күміс, Матвей Пахомов 2 күміс, Виктор Волков 2 алтын, Полина Скоржевская 2 қола, Стэлла Хаджианиди 1 қола және командалық микс 4х50 де күмсі медаль жеңіп алды.

 Пара жеңіл атлектикада Даутжан Даутов 200 м және 400 м жүгіруде сәтті өнер көрсетіп қос алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10-13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтеді.  Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы 11 спорт түрі бойынша қатысып,  481 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан тарапынан жарыста 60 спортшы 9 түрінен өнер көрсетеді.

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three + 12 =