Қостанай қаласында  пара дзюдодан ел біріншілігі аяқталды   – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қостанай қаласында  пара дзюдодан ел біріншілігі аяқталды  


Қостанай қаласында  көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара дзюдодан ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Бозкілемде J1 және J2 классы бойынша сынға түскен спортшылар 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Алматы облысы  бірінші (3 алтын, 3 күміс, 7 қола), Атырау екінші (3 алтын, 2 күміс, 2 қола), ал Астана командасы үшінші (3 алтын, 2 қола) орынға ие болды.

«Чемпионат қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген  спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктелетін болады. Алдағы уақытта пара дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 24-25 наурыз аралығында Тбилиси қаласында өтетін Әлем кубогында бақ сынайды. Аталмыш додада спортшыларымыз жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген сенімдеміз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара дзюдодан команда басшысы Мұхтар Танаш.

Айта кетейік, пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатына 15 өңірден көру қабілеті зақымданған 100-ге жуық спортшы қатысты.

Фото авторы:Сергей Миронов

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 − one =