16-17 ақпан аралығында Көкшетауда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо шаңғы жарысынан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионат 10 км қашықтық және спринттік жарыс түрлері бойынша өтті.
«Жарыста үздік нәтижеге қол жеткізген спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Келесі жылы спортшыларымызды басты дода – XXVII қысқы Сурдлимпиада ойындары күтіп тұр. Ел біріншілігі спортшыларымыз үшін аталған жарысқа іріктеу кезеңі болып табылады»,– деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Амренов.
Айта кетейік, сурдо шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионатына Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының спортшылары қатысты.
Ерлер арасында 10 км қашықтықтың қорытындысы бойынша:
Гришин Владислав – 1 орын
Тажибаев Арын – 2 орын
Орынбеков Давид – 3 орын
Ерлер арасында спринттік жарыс қорытындысы:
Гришин Владислав – 1 орын
Орынбеков Давид – 2 орын
Тажибаев Арын – 3орын
Әйелдер арасында 10 км қашықтық пен спринттік жарыстың қорытындысы бойынша:
Соловьева Анастасия – 1 орын
Путинцева Елена – 2 орын
Чурсина Арина – 3 орын