Сурдо жеңіл атлетикадан ел чемпионаты мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сурдо жеңіл атлетикадан ел чемпионаты мәресіне жетті


Өскемен қаласында есту қабілеті зақымданған жасөспірімдер арасында сурдо жеңіл атлетикадан ел біріншілігі аяқталды. Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 70-ке жуық атлет қатысып, 24 дисциплина бойынша сынға түсті.

Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Ақтөбе, екінші орынды Алматы, ал үшінші орынды Маңғыстау командасы иеленді. Әйелдер арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Шымкент, екінші орынды Қостанай және үшінші орынды Абай облысы алды.

«Турнир 12-15 жас аралығындағы спортшылар арасында өтті. Бұл чемпионат жыл сайын ұйымдастырылады. Турнирдің  басты мақсаты –жасөспірімдер арасында үздік спортшыларды анықтау. Осы чемпионатта жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрама қатарына іріктелетін болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Думан Абдуалиев.

Айта кетейік, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 21-22 ақпан күндері өтті.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five + 9 =