Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар құрамымен жиын өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар құрамымен жиын өтті

Бүгін Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында паралимпиадалық спорт түрлерінің жаттықтырушылар құрамымен кеңейтілген жиналыс өтті. Күн тәртібінде 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Жиналыс барысында Орталықтың директоры Болатбек Асылбекұлы Дукетаев сөз сөйлеп, пара спортшылар үшін биылғы жылдың басты додаларына дайындық барысына тоқталды. Атап айтқанда, қысқы Паралимпиада ойындары мен Жапонияда өтетін Азия Пара ойындарына әзірлік жұмыстары жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, спорт түрлері бойынша жоспарланған оқу-жаттығу жиындары, халықаралық жарыстарға қатысу, спортшылардың функционалдық және психологиялық дайындығын арттыру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы жауапты жарыстарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету, оқу-жаттығу процесін тиімді  ұйымдастыру  және халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету  жолындағы жұмыстар  тұрақты бақылауда болатындығы ескеріліп, жаттықтырушылар мен команда басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten + 3 =