Тараз қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Классикалық және рапид ойын түрлері бойынша өткен жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті.
«Жарыста еліміздің 16 өңірінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Жекелей сында өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік спортшылар ұлттық құрамаға қатарына жасақталады. Спортшыларымыз алдағы уақытта наурыз айында Бішкекте Азия чемпионатында және сәуір айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатында сынға түсетін болады. Аталған бәсекелерде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеміз»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Ольга Будко.Айта кетейік, шахматтан тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 18-26 ақпан аралығында өтті.