Астанада пара пауэфрлифтингтен ел біріншілігі өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада пара пауэфрлифтингтен ел біріншілігі өз мәресіне жетті


Астана қаласында Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қызылорда облысы, екінші орынды Жетісу облысы, ал  үшінші орынды Қостанай облысының құрамасы алды.

«Турнирге еліміздің 17 өңірінен 130-ға жуық спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Оған қоса, бұл  бәсеке сәуір айында Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстан ұлттық құрамасы 6-11 наурыз аралығында Тбилисиде (Грузия) өтетін халықаралық турнирге аттанады. Спортшыларымыз аталған бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара пауэрлифтингтен команда басшысы Ұлан Ануар.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 23-27 ақпан аралығында өтті.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 − six =