Милан–Кортина қысқы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жарыс кестесі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Милан–Кортина қысқы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жарыс кестесі


Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарының басталуына небәрі 2 күн қалды.

Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы жарыс жолына шығады.

Атап айтқанда, пара биатлон және пара шаңғы жарысынан:
Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Сергей Усольцев,
ал пара шаңғы жарысынан Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нурлан Алимов сынға түседі.

Ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы – пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі – пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев, оның жасы 51-де.

Құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі – Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиада ойындарының пара биатлоннан қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан әлем чемпионаттарының жүлдегері және Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ал 2024–2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

МИЛАН-КОРТИНА-2026 XIV ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

6 наурыз

Ашылу салтанаты

7 наурыз

Уақыты

(Астана уақыты )

Спорт түрі Дисциплина Спортшы
14:35 пара биатлон 

спринттік жарыс (sitting)

(7,5 км/финал)

Ербол Хамитов

Сергей Усольцев

Юрий Березин 

16:40 пара биатлон 

спринттік жарыс (standing)

( 7,5 км/  финал)

Александр Герлиц
8 наурыз
14:30 пара биатлон 

жекелей жарыс  (sitting)

(12,5 км/финал)

Ербол Хамитов

Сергей Усольцев

Юрий Березин

16:30 пара биатлон

жекелей жарыс (standing)

(12,5 км/финал)

Александр Герлиц
                                                            10 наурыз
14:55  пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (sitting)

 (1500 м/іріктеу)

 Владислав Кобаль

Нурлан Алимов

15:05 пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (standing)

 (1500 м/іріктеу)

Ербол Хамитов

Сергей Усольцев

Юрий Березин

пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (visually impaired)

 (1500 м/іріктеу)

Анна Грачова
16:48 пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (sitting)

 (1500 м/жартылай финал)

17:45 пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (standing)

 (1500 м/ финал)

16:26 пара шаңғы жарысы 

спринттік жарыс (visually impaired)

 (1500 м/жартылай финал)

17:26 пара шаңғы жарысы

спринттік жарыс (sitting)

 (1500 м/ финал)

11 наурыз
14:10 пара шаңғы жарысы

интервалды жарыс  (sitting)

(10 км/финал)

Ербол Хамитов

Сергей Усольцев

Юрий Березин

15:35 пара шаңғы жарысы

интервалды жарыс (standing)

(10 км/финал)

Владислав Кобаль

Нурлан Алимов

пара шаңғы жарысы

интервалды жарыс (visually impaired)

(10 км/финал)

Анна Грачова 
13 наурыз
14:15 пара биатлон

спринт пурсуит (sitting)

(4,5 км/іріктеу)

Ербол Хамитов

Сергей Усольцев

Юрий Березин

14:50 пара биатлон

спринт пурсуит (standing)

(4,5 км/іріктеу)

Александр Герлиц
16:45  пара биатлон

спринт пурсуит 

(4,5 км/финал)

17:25 пара биатлон

спринт пурсуит 

(4,5 км/финал)

14 наурыз
14:00  пара шаңғы жарысы 

ашық эстафета 

(4х2,5 км/финал)

Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нурлан Алимов

Ербол Хамитов

15 наурыз
13:15 пара шаңғы жарысы 

интервалды жарыс (sitting)

(20 км/финал)

Ербол Хамитов 
14:30 пара шаңғы жарысы

интервалды жарыс (standing)

(20 км/финал)

Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нурлан Алимов
пара шаңғы жарысы

интервалды жарыс (visually impaired)

(20 км/финал)

Анна Грачова 
16.03.2026  XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу рәсімі

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve − 4 =