Италияда қысқы Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде пара биатлоннан 12,5 км қашықтық дисциплинасында Ербол Хамитов 37 минут 24 секунд көрсеткішімен жарыс жолын аяқтады.
Осы дисциплинада Сергей Усольцев жиырма бірінші, ал Юрий Березин жиырма екінші болып мәре сызығына жетті.
Жарыс жүлдегерлері:
1.Лю Цзысюй (34:38.1)
2.Мао Чжунъу (36:40.5)
3.Тарас Рад (34:57.1)
Оған қоса, бүгін дәл осы дистанцияда жарыс жолына Александр Герлицте шығады.
Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде трансляция Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.