Қысқы Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц пара биатлоннан 12,5 км қашықтықты 31 минут 55 секунд уақыт аралығында бағындырып мәре сызығын тоғызыншы болып кесті.
Осы дисциплинада келесі спортшылар жүлдегер атанды:
1.Цай Цзя-юнь (ҚХР)
2.Марк Арендз ( Канада)
3.Майер Марко ( Германия)
Айта кетейік, 13 наурыз күні ұлттық құраманың спортшылары Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Юрий Березин, Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нурлан Алимов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасында сынға түседі.