Италияда өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан LW12 классында 1500 м қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасын 2 минут 14 секундта бағындырып, мәре сызығына алтыншы болып жетіп, жартылай финалға өтті.
Осы топта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Юрий Березин отыз бірінші орынмен жарысты аяқтады.
Жартылай финал Астана уақытымен сағат 16:26-да басталады. Трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.