Италияда өтіп жатқан Милан–Кортина Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасында қазақстандық спортшылар Владислав Кобаль мен Нурлан Алимов іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша Нурлан Алимов (2:37.60) он үшінші, ал Владислав Кобаль он бесінші орынмен жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар үшін бұл олардың алғашқы Паралимпиадасы.
Бүгін осы дисциплинада көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Анна Грачова Астана уақытымен сағат 16:59-да іріктеу жарысында сынға түседі.
Тікелей эфир Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

