Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарын сегізінші орынмен қорытындылады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарын сегізінші орынмен қорытындылады


Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 10 км интервалды старт дисциплинасын 25 минут 27 секунд уақыт аралығында өтіп, мәреге сегізінші болып келді.

Оған қоса, кеше Ербол Хамитов осы жарыста пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында Милан–Кортина Паралимпиада ойындарында үшінші орын алып, ел қоржынына осы жарыстың алғашқы жүлдесін салған болатын.

Айта кетейік, бүгінгі жарыста Ербол Хамитовпен бірге Юрий Березин мен Сергей Усольцев те өнер көрсетті. Нәтижесінде Сергей Усольцев он тоғызыншы , ал Юрий Березин жиырма бірінші орынға тұрақтады.

Аталмыш дистанцияда тұрып жарысатын спортшылар қатарында Владислав Кобаль мен Нурлан Алимов, ал көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында Анна Грачова өнер көрсетеді.

Трансляция Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 15:35-те көрсетіледі.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven + ten =