Милан–Кортина Паралимпиадасы: Қазақстан құрамасының спортшылары үздік ондық қатарында – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Милан–Кортина Паралимпиадасы: Қазақстан құрамасының спортшылары үздік ондық қатарында


Бүгін Италияда Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар пара шаңғы жарысынан 10 км интервалды старт дисциплинасынан өткен жарыста үздік ондық қатарына енді.

Бәсеке қорытындысы бойынша аталмыш дистанцияда спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Ербол Хамитов (25:27.4) – 8 орын

Нурлан Алимов (29:25.4) – 9 орын

Владислав Кобаль (30:07.7) – 10 орын

Анна Грачова және гид Ермек Ормантаев (48:10.0) – 11 орын

Сергей Усольцев (27:50.2) – 19 орын

Юрий Березин (28:35.1) – 21 орын

Кеше осы спорт түрінен 1500 м классикалық спринт бойынша Ербол Хамитов (2:29.9) қола жүлдеге ие болып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын.

Ұлттық құраманың спортшылары үшін келесі жарыс 13 наурызда пара биатлоннан 4,5 км спринт пурсуит дисциплинасынан өтеді.

Айта кетейік, XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралалығында өтуде.  56 елден 600-ден астам спортшы пара шаңғы жарысы, пара биатлон, тау шаңғысы, пара хоккей, пара сноуборд, арбадағы керлинг спорт түрлерінен 79 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 − 4 =