Бүгін Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км із қуу дисциплинасын 9 минут 39 секунд уақыт көрсеткішімен бағындырып, жарыстың жеңімпазы атанды. Осы дистанцияда екінші орынды украиндық Тарас Рад (10:00.5), ал қытайлық Лю Мэнтао(10:11.5) үшінші орынды алды.
Бұған дейін қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринте қола медаль еншілеп, Милан–Кортина Паралимпиада ойындарының алғашқы жүлдесін жеңіп алған болатын.
Осы дисциплинаның финалдық кезеңінде өнер көрсеткен Юрий Березин жиырма үшінші , ал
Сергей Усольцев жиырма үшінші орынға табан тіреді.
Аталмыш дистанцияда тұрып жарысатын спортшылар тобында Александр Герлиц те финалдық бәсекеде сынға түседі.
Тікелей эфир Астана уақыты бойынша сағат 17:25-те көрсетіледі.