Бүгін Милан–Кортина Паралимпиада ойындарының соңғы жарыс күнінде қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 20 км қашықтықты 53 минут 54 секунд уақытта бағындырып, жарысты жетінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін ол пара биатлоннан 4,5 км із қуу жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринтте қола жүлдегер атанды.
Бүгінгі жарыста пара шаңғы жарысынан тұрып жарысатын спортшылар қатарында Александр Герлиц, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль де өнер көрсетеді.
Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.