Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар ашық эстафетада бесінші орын алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Милан–Кортина Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар ашық эстафетада бесінші орын алды


Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысынан 4×2,5 км ашық эстафетада өнер көрсеткен Ербол Хамитов, Александр Герлиц және Владислав Кобаль жалпы есепте 23 минут 18 секунд уақыт нәтижесімен осы дисциплинада бесінші орынға тұрақтады.

Бұл жарыста бірінші орынды Қытай(21:54.4), екінші орынды Германия (21:59.8), ал үшінші орынды Норвегия (22:28.6) құрамасы алды.

Кеше ғана Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан 4,5 км із қуу жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринтте қола медаль иеленген еді.

Қазақстандық спортшылар үшін Милан-Кортина Паралимпиада ойындарының соңғы жарысы ертең, 15 наурызда, пара шаңғы жарысынан 20 км интервалды жарыс дисциплина бойынша өтеді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eight − two =