Қазақстандық спортшылар пара велоспорттан Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара велоспорттан Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды


Филиппинде пара велоспорттан Азия чемпионатында жекелей сында қазақстандық спортшылар Полина Братчикова (пилот) мен  Анжела  Калаус (стокер) спринттік жарыстың күміс, ал Снежанна Соловьева (пилот) мен Жұлдыз Кайнарова (стокер) 1000 м  гит дисциплинасында қола жүлдегерлері атанды.

Бұған дейін аталмыш жарыста Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер) пен Полина Братчикова (пилот) командалық микс дисциплинасында күміс медаль жеңіп алған  болатын.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында пара велоспорттан Азия чемпионаты 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтуде. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Филиппин, Таиланд және БАӘ елдерінен спортшылары қатысады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × two =