Пара үстел теннисінен «ITTF World Para Future Costa Brava 2026» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 10 қола медаль еншіледі.
Атап айтқанда Марат Суртубаев (MS9 классы), Аружан Ғиниятова (WS7 классы) және Александра Степанова (WS4-5 классы) жекелей сында үздік үштікті түйіндеді. Жұптық бәсекеде өнер көрсеткен Алена Кутявина мен Александра Степанова (WD10 классы), Марат Суртубаев пен Талғат Эрекеев (MD18 классы), Балзия Таш пен Раушан Орынбаева (WD20 классы) және Игорь Худяков пен испандық Гонсало Родригес (MD14 классы) қола жүлдегер атанды.
Аралас жұптық жарыста да отандастарымыз жүлделі орйынға ие болды. Аружан Ғиниятова мен Талғат Эрекеев (XD17 классы), Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы (XD20 классы) және Игорь Худяков пен Раушан Орынбаева (XD14 классы) қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетсек, пара үстел теннисінен «ITTF World Para Future Costa Brava 2026» халықаралық турнирі Коста-Брава қаласында (Испания) наурыздың 26-29 аралығында өтті. Жарысқа 36 мемлекеттен 201 спортшы қатысты.
