Қазақстандық спортшылар пара каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара каратэден Азия чемпионатында жеңіске жетті


Ташкент қаласында 16-20 желтоқсан аралығында пара каратэден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан,  Иран, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан елдерінен 17 спортшы өнер көрсетті.

Қазақстандық 3 спортшы «ката» дисциплинасында үздік өнер көрсетіп, 2 «алтын» 1 «күміс» медальді жеңіп алды.

1 орын – Ляззат Жүсіпова;

1 орын – Даяна Сапарбаева;

2 орын – Дидар Мухамеджанов.

Айта кетсек,  қазан айында Италияның Бергамо қаласында өткен пара каратэден әлем чемпионатында Ләззат Жусупова мен Дидар Мухамеджан әлем чемпионатының жеңімпаздары атанған болатын.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 + 16 =