Равиль Мансурбаев әлемдік Гран-при сериясында алтын медальді жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Равиль Мансурбаев әлемдік Гран-при сериясында алтын медальді жеңіп алды


Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан сынға түскен қазақстандық Равиль Мансурбаев жеңіске жетті. Ол ядроны 14,43 метрге  лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады.

Жарыста қазақстандық спортшылар осымен 3-ші медальді иеленді. Бұдан бұрын, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин алтын медальді жеңіп алса, ядро латқытрудан Дастан Мукашбеков  Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen + four =