ҚР VI Паралимпиада ойындары: пара оқ атудан жарыстар өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚР VI Паралимпиада ойындары: пара оқ атудан жарыстар өз мәресіне жетті


Қазақстан Республикасының VI Паралимпиада ойындарының аясында 15-18 мамыр аралығында Астана қаласында пара оқ атудан жарыстары өтті. Жарысқа 12 өңірден 50-ден астам спортшы қатысты.

Пара оқ атудан командалық есепте  Қостанай  облысы 4 «алтын», 5 «күміс»  және 3 «қола» медальмен бірінші орын алса, екінші орынды 3 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қола» медальмен Павлодар облысы, үшінші орынды 1 «алтын», 1 «күміс» және 1 «қола» медальмен Қарағанды облысы еншіледі.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының VI-шы Паралимпиада ойындары 10 – 30 мамыр аралығында Алматы, Астана, Ақтөбеде қалаларында өтуде. Төртжылда бір рет өтетін еліміздің Паралимпиада ойындарына спорттың 10 түрінен 20 өңірден 1000 нан астам спортшы қатысады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve + twenty =