2024 жылдың 8-11 мамыр аралығында Паттайяда (Таиланд) пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті. Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін маңызды лицензиялық және рейтингтік жарыстардың бірі. Бәйгеге әлемнің 33 елінен 157 спортшы қатысты. Қазақстандықтар төрт алтын, бір күміс және сегіз қола медаль еншіледі.
Әйгерім Айдарқызы -45 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында үздік есепте (77 кг) және үш тәсілінің қосындысы бойынша 225 кг бағындырып, екі алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, ересектер арасында үш тәсілдің ұпай сандарының қосындысына сәйкес (225 кг) қола медаль ұтып алды.
Раушан Қойшыбаева -73 кг салмақта үздік есепте (116 кг) және үш тәсілдің қосындысы бойынша (337 кг) екі алтын медаль женіп алды.
Давид Дегтярев -54 кг салмақта үздік есепте (171 кг) қола медальмен марапатталды.
Сондай-ақ, қола медаль иегерлері:
Гулим Құрманбаева -45 кг салмақта үздік есепте (89 кг);
Ғани Исентемиров +107 кг салмақта үш тәсілдің сомасы бойынша (588 кг);
Тұрсынай Кабыл -41 кг салмақта үздік есепте (94 кг);
Станислав Шакиев -59 кг салмақта үздік есепте (173 кг) және үш тәсілдің сомасы бойынша (344 кг).
Рахметжан Хамаев -88 кг салмақта жақсы нәтиже көрсетіп, үздік есепте (201 кг) күміс медаль және үш тәсілдің қосындысы бойынша (398 кг) қола медаль еншіледі.