Пара пауэрлифтингтен Париж Паралимпиадасына жолдама иегерлері анықталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара пауэрлифтингтен Париж Паралимпиадасына жолдама иегерлері анықталды


Пара пауэрлифтингтен халықаралық жарыстарда үздік өнер көрсетіп, өз салмақтарында рейтингте көш бастаған 5 қазақстандық спортшы  Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

 

Ерлер арасында жолдама иегерлері – Давид Дегтярев (-54 кг), Рахметжан Хамаев (-88 кг) және Станислав Шакиев (-59 кг).

Әйелдер арасында лицензия иегерлері – Раушан Койшибаева (-73 кг) және Тұрсынай Қабыл (-45 кг).

 

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 21 лицензия бар. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (6), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (1).

 

XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойнатылады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − 3 =