30 тамыз күні Кәмиля Досмалова Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан К44 класында (57 кг дейін) пара таеквондо бойынша жарысқа шықты. Ширек финалдық кездесуде Кәмиля сербиялық спортшы Мария Мицевпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді.
Енді Кәмиля қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кездесуіне Астана уақыты бойынша сағат 20:53 шығады.