Сұрақ-жауап – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сұрақ-жауап

Cұрақ-жауап

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жыл бойы орталықтандырылған спорттық даярлауды, оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және қамтамасыз ету болып табылады. Cпорттық іс-шаралардың rүнтізбелік жоспарына сәйкес дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
Орталық пара оқ ату, волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі, пара садақ ату, пара ат спорты, пара каноэ, пара пауэрлифтинг, пара дзюдо, голбол, пара жеңіл атлтика, пара таеквондо, пара жүзу, пара велоспорт және футбол 5х5 паралимпиадалық спорт түрін қамтиды.
Орталық керлиг, пара шаңғы жарысы мен биатлон спорт түрілерін қамтиды.
Орталық 16 жазғы сурдлимпиадалық спорт түрлерін қамтиды: армрестлинг, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, каратэ, таеквондо, дойбы, футзал, футбол, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, бадминтон, спорттық бағдарлау, гандбол және оқ ату.
Орталық 5 қысқы сурдлимпиадалық спорт түрлерін қамтиды: шахмат, шаңғы жарысы, шайбалық хоккей, сноуборд және керлинг.
Орталық 8 паралимпиадалық емес спорт түрін қамтиды: арабадағы би, армрестлинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жағажай волейболы, каратэ, волейболды тұрып ойнау.
Бас жаттықтырушы алдыңғы жылдың (спорт түрі бойынша) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарында өнер көрсету нәтижелері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясымен келісім бойынша және жаттықтырушылар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша кандидаттарды іріктеуді жүргізеді. Яғни спортшы халықаралық және республикалық спорттық жарыстарында өнер көрсетуі және спорт түрлерін саралау қорытындылары бойынша айқындалады.
Спорттық күнтізбелік жоспармен csp-parasport.kz сайтының басты бетінде танысуға болады.
Мүгедек-спортшыларды даярлау жыл бойы жүзеге асырады. Мүгедек-спортшыларды дайындаудың перспективалық бағдарламасына сәйкес бір мүгедек-спортшыға 250 күннен аспайтын мерзімде болады.
Жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар мен ересектер жасындағы және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының (біріншіліктерінің) немесе халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын мүгедек-спортшылар, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін мүгедек-спортшылар. Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жеткіншектер, жастар және ересектер құрама командаларының мүшелері болып табылатын мүгедек-спортшылар орталыққа қабылдана алады.
Орталықта жалпы саны 1200 –ден астам спортшы бар, оның басым бөлігі (600-ден астамы) паралимпиадалық спорт түрлерімен айналысады.
Мүгедек-спортшы егер: 1) жеке жоспарына сәйкес жарыстарда медальдар және орындар иелену бөлігінде спорттық нәтижелерінің төмендеуі; 2) медициналық қортынды негізінде денсаулық жағдайына; 3) тыйым салынған субстанциялар мен әдістер құралдарды қолдануы; 4) Орталықтың еңбек тәртібі қағидаларын бұзса шығарылады.