Халықаралық қатынастар – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Халықаралық қатынастар

Дене мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – кәсіпорын) жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Спортшылардың жоғары спорттық нәтижелері мен халықаралық аренадағы жетістіктері елдің оң имиджін нығайтуға ықпал етеді, ал спортшы үшін халықаралық жарыстарға қатысу, бұл спорттық шеберлікті одан әрі арттырып, оның дамуына және жеке тәжірбие жинауына  ықпалы зор. Кәсіпорын, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спорт түрлерін дамыту және танымал ету, олардың жетістіктері, мүгедек адамдарды спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысқа үлкен көңіл бөледі. Осы мақсатта кәсіпорын спорт саласындағы спорт ұйымдарымен (спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық федерациялармен, дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитетімен) қатынастарды дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Спорт саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, басқа да республикалық және жергілікті органдармен, аталған қызметті жүзеге асыру шеңберінде өзара жұмыстарды үйлестіріп, жүзеге асырады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен белсенді жұмыс істейді. Халықаралық паралимпиада комитеті, Азия паралимпиада комитеті, Халықаралық арбашылар мен ампутанттар спорт федерациясы, Халықаралық зағиптар спорт федерациясы сынды халықаралық ұйымдардағы  Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің мүшелігі, дене мүмкіндіктері шектеулі қазақстандық спортшылардың аталған ұйымдардың аясында өткізілетін халықаралық жарыстарға қатысуына құқық береді.

 

Жазғы және қысқы Паралимпиада ойындары тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымднған мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін ең беделді және ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың бірі болып табылады. Ал, спортшыларды Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) таныған Ұлттық паралимпиада комитеттері ұсынады. ХПК төрт жылда бір рет өткізілетін ойындарды өткізуге айрықша құқыққа ие. Сонымен қатар ХПК паралимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттары мен басқа да ресми халықаралық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіреді.

Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) – паралимпиадалық қозғалысты басқаратын халықаралық коммерциялық емес ұйым, паралимпиадалық спорттағы ең ірі ұйымдардың бірі болып табылады.

Ұйымның құрамында 200-ден астам мүше бар: ұлттық паралимпиадалық комитеттер, халықаралық федерациялар, өңірлік ұйымдар, мүгедектердің халықаралық спорттық ұйымдары. Ұйым 1989 жылы 22 қыркүйекте құрылған.  ХПК Штаб-пәтері Боннда (Германия) орналасқан.

Қазіргі уақытта ХПК 28 паралимпиадалық спорт түрін бекітті: 22 жазғы және 6 қысқы.

Жазғы спорт түрлері

Садақ ату Велоспорт Оқ ату Арбадағы баскетбол
Жеңіл атлетика Ат спорты Волейболды отырып ойнау Арбамен семсерлесу
Бадминтон Голбол Жүзу Арбадағы регби
Зағип жандарға арналған Футбол Дзюдо Үстел теннисі Арбадағы теннис
Бочча Пауэрлифтинг Таеквондо
Каноэ Академиялық есу Триатлон

 

Қысқы спорт түрлері

Тау шаңғысы спорты Следж-хоккей
Биатлон Сноуборд
Шаңғы жарысы Арбадағы керлинг

Ұйымның Веб-сайты: www.paralympic.org

 

Қазақстандық Дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар Азия пара ойындарына, Азия паралимпиада комитеті ұйымдастыратын және әрбір төрт жылда бір рет өткізілетін Азия жасөспірімдер пара ойындарына белсенді қатысады. Сондай-ақ Азия елдерінің спортшылары қатысатын маңызды жарыстардың бірі болып табылады. 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) алғашқы Азия ойындары сәтті өтті. Азия пара ойындарында қатысушылар тек жазғы спорт түрлерінен жарысады.

Азия паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің мүшесі болып табылады. Ол 2002 жылдың 30 қазанында құрылған. Комитет құрамына Азия елдерінің (40-тан астам) ұлттық паралимпиадалық комитеттері кіреді.

Ұйымның Штаб-пәтері Дубайда (БАӘ) орналасқан.

Веб-сайты: www.asianparalympic.org

 

Тірек-қимыл аппараты зақымданған қазақстандық спортшылар, халықаралық арбаға таңылғандар мен ампутанттардың спорт федерациясы ұйымдастыратын IWAS Дүниежүзілік ойындарына, IWAS дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарына қатысады. Барлық IWAS Дүниежүзілік ойындары әрбір жергілікті ұйымдастыру комитетінің ресурстарын ескере отырып ұйымдастырылады. Жарыс бағдарламасына барлық немесе кейбір дәстүрлі спорт түрлері (Паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін) енгізілуі мүмкін:

Пара садақ ату Арбада отырып семсерлесу
Пара пауэрлифтинг Арбадағы регби
Пара жүзу Волейбол
Пара үстел теннисі

 

Халықаралық арбаға таңылғандар мен ампутанттардың  спорт федерациясы (IWAS) пара спортты дамыту бойынша жетекші халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады. Ол 2004 жылы Халықаралық Сток-Мандевиль арбаға таңылғандар спорт федерациясы мен Халықаралық мүгедектер спорт ұйымының бірігуі нәтижесінде құрылған.

Ұйымның штаб-пәтері Эйлсбери қаласында (Ұлыбритания) орналасқан.

Веб-сайты: www.iwasf.com

Қазақстандық спортшылар Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) дүниежүзілік ойындарына қатысады. Төрт жылда бір рет өткізілетін IBSA дүниежүзілік ойындары Паралимпиададан кейін көру қабілеті зақымданған спортшылар үшін маңызды жарыстардың бірі болып табылады.

Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) – көру қабілеті төмен адамдар арасында спортты дамытатын ең ірі ұйым. Оған әлемнің барлық аймағынан 100-ден астам мүшесі бар.

Ұйым 1981 жылы құрылған. Голбол, дзюдо және зағиптарға арналған футбол сынды паралимпиадалық спорт түрлерінің басқарушы органы болып табылады.

Ұйымның Штаб-пәтері Боннда (Германия) орналасқан.

Веб-сайты: www.ibsasport.org

 

Есту мүшелері зақымданған қазақстандық спортшылар саңыраулардың халықаралық спорт комитеті ұйымдастыратын жазғы және қысқы Сурдлимпиадалық ойындарға қатысады.

Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті 1924 жылы құрылған және есту қабілеті нашар спортшылар арасында Сурдлимпиадалық ойындар мен басқа да әлем чемпионаттарын ұйымдастыруға жауапты басты басқарушы орган болып табылады.  Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті құрамына әлемнің 90-нан астам еліндегі Саңыраулардың ұлттық спорт ұйымдары кіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитеті Саңыраулардың  халықаралық спорт комитетінің мүшесі болып табылады және аталған ұйымға мүше болу есту меүшелері зақымданған қазақстандық спортшылардың Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті аясында өткізілетін жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Есту мүшелері зақымданған спортшылар арасындағы алғашқы дүниежүзілік ойындары 1924 жылы Парижде өтті. Қазіргі уақытқа дейін жарыстар төрт жылда бір рет өткізіліп келеді.

Ұйымның Штаб-пәтері Лозаннада (Швейцария) орналасқан.

Веб-сайты: www.deaflympics.com

 

Спорт түрлері

Бадминтон Маунтинбайк Каратэ Теннис Сноуборд
Баскетбол Волейбол Жеңіл атлетика Таеквондо Шайбалы хоккей
Еркін күрес Жағажай волейболы Үстел теннисі Футбол Шахмат
Грек-рим күресі Гандбол Жүзу Тау шаңғысы
Боулинг Гольф Оқ ату Керлинг
Тас жолдағы велоспорт Дзюдо Спорттық бағдарлау Шаңғы жарысы

 

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК Дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың жоғарыда көрсетілген және басқа да маңызды халықаралық жарыстарға келесі спорт түрлері бойынша қатысуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді:

Паралимпиадалық спорт түрлері

Пара жүзу Пара оқ ату Пара каноэ Пара велоспорт
Пара пауэрлифтинг Пара үстел теннисі Голбол Футбол 5х5
Пара Дзюдо Пара садақ ату Пара жеңіл атлетика Пара шаңғы жарысы
Волейболды отырып ойнау Ат спорты Пара таеквондо Пара биатлон

 

Паралимпиадалық емес спорт түрлері

Арбада отырып билеу (ТҚАЗ) Шахмат (ТҚАЗ, көру) Жағажай волейболы Тоғызқұмалақ
Қол күресі (ТҚАЗ, көру) Дойбы «100», «64» (көру) Волейболды тұрып ойнау Каратэ

 

Сурдлимпиадалық спорт түрлері

Қол күресі Жеңіл атлетика Сноуборд
Еркін күрес Жүзу Керлинг
Грек-рим күресі Үстел теннисі Оқ ату
Дзюдо Дойбы Шаңғы жарысы
Таеквондо Шахмат Футбол
Каратэ Футзал