Кәсіпорын туралы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Кәсіпорын туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

БАСШЫЛЫҚ

Директор 

Махамбетов Мейрамбек Жанболатұлы

Махамбетов М. Ж. 1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді.

2011-2018 ж.ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармаларының референті, сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2018-2019 ж.ж. – Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

2019-2020 ж.ж. – Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2020-2022 ж.ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спорттағы және бұқаралық спортты дамытудағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс және ұлттық спорт түрлері басқармаларының басшысы болып жұмыс істеді.

2022 жылғы 10 қазаннан қазіргі уақытқа дейін «Дене мүмкіндіктері шектеулі  тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры .

Үйленген, екі қызы бар.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық наградасымен «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

 


Директордың қаржы және ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары

Құдайбергенова Ләззат Көпжасарқызы

Құдайбергенова Ләззат Көпжасарқызы, 1978 жылы туған, білімі жоғары.

2002 жылы Қарағанды қаржы институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірді.

1998 жылдан 2001 жылға дейін Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2001-2002 ж. – ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы.

2003 ж. – ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы-бас бухгалтері

2004-2005 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы-бас бухгалтері.

2006-2007 ж.ж.-ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2008-2010 ж.ж.-«Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2011 ж. – «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-ның бас бухгалтері

2012-2014 жылдары-ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары.

2015 ж. -2021 ж. сәуір-Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің Экономика және қаржы басқармасының басшысы.

2021 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жоспарлау-экономикалық қызметінің басшысы.

01.01.2022 ж. бастап 02.05.2022 ж. дейін – «Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қаржы қызметінің басшысы.

2022 жылғы 03 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директорының қаржы және ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары.

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Агенттігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

2013 жылы «Дене шынықтыру және спорттық дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық наградасымен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 


Жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Өмірзақов Әділхан Болатханұлы

Өмірзақов Әділхан Болатханұлы, 1984 жылы туған, білімі жоғары.

2004 жылы Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің кәсіби спорт және жекпе-жек факультетін бітірген.

2006 жылы Алматы қаласындағы Туризм және спорт академиясының дене шынықтыру және күрес түрлерінен жаттықтырушы факультетін бітірген.

2007-2008 ж.ж. Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ЦСКА» спорт клубында мерзімді әскери борышын өтеген.

2009 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика және қаржы факультетін бітірген.

2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Сочи қаласындағы Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша кәсіби қайта даярлау курсын аяқтады.

А.Б. Өмірзақовтың бапкерлік қызметі 2006 жылдан басталды.

2006-2008 ж.ж. Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№12 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында нұсқаушы-әдіскер және еркін күрес бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

2009-2017 ж.ж. Астана қаласындағы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнында еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының штаттық құрама командасының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2018-2021 ж.ж.  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚБ-да еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының штаттық құрамының жетекшісі қызметін атқарып келді.

Еркін күрестен Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, еркін күрестен республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері, еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.