Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
- Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
мына мекен-жайда орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай Батыр даңғылы, ғимарат №11/5.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жыл бойы орталықтандырылған спорттық даярлауды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу болып табылады.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
- Лауазымдық міндеттері:
қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды, оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді, педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды, ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді, барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады, қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды, тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады, ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады.
- Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасы Конституциясы;
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
Педогогика, психология және физиология негіздері;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
- Конкурсқа үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабардандыруда көрсетілген мерізімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтағаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күнде 2022 жылғы «16» қыркүйектен бастап 2022 жылғы «30» қыркүйекке дейін жүргізіледі.
- Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, онлайн форматында.
Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 314 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
Толық ақпаратты +7 (7172) 74-02-52, 74-06-55 телефондары бойынша алуға болады.