2-5 қараша аралығында Астана қаласында Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының ұйымдастыруымен Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (бұдан әрі – Орталық) жаттықтырушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курсқа Орталықтың 50 жаттықтырушысы қатысты. Бағдарлама аясында құқықтық, медициналық және әдістемелік бағыттар бойынша 36 сағаттық дәрістер мен семинарлар өткізілді. Шара барысында жаттықтырушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріс берушілермен пікір алмасып, кері байланыс орнатты.
Біліктілікті арттыру курсы аяқталған соң, жаттықтырушыларға сертификаттар табысталды.