Спорт күніне орай «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Саладағы көпжылдық еңбегі, кәсіби біліктілігі және отандық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Орталықтың қызметкерлеріне «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен:
Жұмағұл Алмагүл Зекенайқызы – жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі;

Сағындық Әлия – жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі;
Онгарбаева Гульжанат Тулегеновна – жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі;
Фоленвейдер Станислав Владимирович – сурдлимпиадалық спорт түрлері бөлімінің футзалдан бас жаттықтырушысы;
Иванов Геннадий Михайлович – пара каноэдан аға жаттықтырушы.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен:
Әшімханова Құралай Мұратқызы – қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы;

Айтбаев Едиль Болатович – сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің әдіскері;

Еникеев Нұрсұлтан Абдрахманұлы – спорттық іс-шараларды жіктеу және медициналық сүйемелдеу бөлімінің дәрігері;

Каскараулова Гульшат Шолпанбековна – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы;

Будко Ольга Николаевна – сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің әдіскері;
Казыбаева Асем Калымтаевна – паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің команда бастығы.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Алғыс хатымен:
Қайырбек Мәдина Бақытжанқызы – кадр жұмысы және іс жүргізу бөлімінің инспекторы;

Рахимгулова Махаббат Акыловна – мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері;

Амангелдиев Мейіржан Миратұлы – қоғаммен байланыс бөлімінің инспекторы;
Елюбаева Даяна Ербулатовна – қоғаммен байланыс бөлімінің инспекторы;
Абдуалиев Думан Куандыкович – сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің әдіскері;

Молдаханов Куат Канышевич – паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің әдіскері;

Ботаханова Айжан Арманқызы – спорттық іс-шараларды жіктеу және медициналық сүйемелдеу бөлімінің дәрігері.
Орталық ұжымы марапат иелерін құттықтап, олардың кәсібилігі мен жауапты еңбегі еліміздегі паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Аталған марапаттар – қызметкерлердің күнделікті қажырлы еңбегі мен отандық спортты дамыту жолындағы кәсіби қызметіне берілген жоғары баға.
Барша марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен жемісті еңбек тілейміз!