Тұрып ойнау волейболдан ел біріншілігі аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тұрып ойнау волейболдан ел біріншілігі аяқталды


Ақтөбе қаласында  15 – 20 қыркүйек аралығында  тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында  тұрып ойнау волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста  еліміздің 5 өңірінен 35 – ке жуық спортшы бақ сынады.

«Чемпионатқа  Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау, Батыс – Қазақстан облыстары  және Жанаөзен қаласының  құрама командалары  қатысты. Бұл жарыс осымен 12 – ші  мәрте өткізілуде.  Аталмыш доданың басты мақсаты – үздік құрама командаларын анықтап, ұлттық құрама қатарына іріктеу», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық  даярлау орталығының қызметкері.

Айта кетейік, чемпионатта бірінші орынды Маңғыстау облысы (15 ұпай), екінші орынды Ақтөбе облысы (12 ұпай) және үшінші орынды Түркістан облысы (9 ұпай)  алған болатын.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − three =