XVII жазғы Паралимпиада ойындары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

XVII жазғы Паралимпиада ойындары

Қазақстан алғаш рет паралимпиада ойындарына 1994 жылы Лиллехамердегі қысқы ойындарға қатысып, содан бері барлық жазғы және қысқы ойындарға қатысып келеді. Бұған дейін қазақстандық спортшылар КСРО құрамасы мен біріккен команда құрамында Паралимпиадаларға қатысты. 1994 жылдан 2021 жылға дейін қазақстандық спортшылар 9 олимпиада медалін жеңіп алды, оның 7жазғы және 2қысқы Паралимпиада ойындарында. Бірінші медальды 1994 жылы қысқы ойындарда шаңғы жарысында Махаббат Воробьева жеңіп алды.