ЕРҒАЛИ ШАМЕЙ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ЕРҒАЛИ ШАМЕЙ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін, 20 қыркүйекте пара дзюдодан XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамей А.Байтұрсынов атындағы «Binom school» мектебінің оқушыларымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты оқушыларды Париж – 2024 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамеймен таныстыру, паралимпиадалық спортты насихаттау, жас буынның пара спорт туралы білімін арттыру. Пара спортшыны кеңінен таныстыру арқылы жас ұрпаққа мотивация беріп, қоғамда инклюзивтілік пен теңдікті насихаттау көзделді.

 

Шара барысында Ерғали Шамей пара спорттағы жетістіктерінің артында тұрған қажырлы еңбек пен ерік-жігер жайлы бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестерін берді.

Оқушылардың бірі Ерғали Шамейден: «Сіз жеңілісті қалай қабылдайсыз? Сізді кілемге жаңа күшпен оралуға не итермелейді?» деген сұрақ қойды. Спортшы бұл сұраққа: «Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, бірақ ең маңыздысы – әр сәттен сабақ алып, өз-өзіңді дамыту. Мені кілемге қайта оралуға итермелейтін нәрсе – ішкі рух, алға ұмтылу және өзіме, командам мен елге деген жауапкершілік. Жеңіліс мені тоқтатпайды, керісінше, алға жылжуға ынталандырады» деп жауап берді.

Оған қоса, кездесу барысында пара дзюдошының өміріне негізделген Dala cinema киностудиясының «Үміт сәулесі» атты қысқа метражды фильмі көрсетілді.

Шара соңында мектеп ұстаздары пара спортшыға алғыс хат табыстап, мектеп шәкірттерімен естелікке фотоға түсті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 4 =