Пара каноэ: Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара каноэ: Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медаль жеңіп алды


Таиландта өткен пара каноэдан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасының қатарында Бибарыс Спатай KL2 санатында 200 және 500 метр қашықтықта екі алтын, сондай-ақ VL3 санатында 500 метрде қола медаль иеленді.

Максим Богатырев VL1 санатында 200 метрде жеңімпаз атанып, KL1 санатында 200 және 500 метр қашықтықтарда екі мәрте күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жаныл Балтабаева VL3 санатында 200 және 500 метр қашықтықтарда 2 күміс медаль иеленсе, Мейіржан Армия VL2 санатында 500 метрде күміс, 200 метрде қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Азия чемпионаты 12-15 маусым аралығында өтті. Додада Азияның 15 елінен 90-нан астам спортшы бақ сынады

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nine + 6 =