Пара спортшылардың VII Спартакиадасы өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара спортшылардың VII Спартакиадасы өз мәресіне жетті


Өскемен қаласында тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Салтанатты жабылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев қатысып, спортшыларды жарыстың аяқталуымен құттықтады.

«Биыл жетінші рет өткізіліп отырған Спартакиада – дене мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құраманы жасақтаудағы маңызды қадам. Төрт жылда бір рет өтетін бұл ауқымды шараның бағдарламасы жыл сайын кеңейіп, қатысушылар саны артып келеді. Биылғы Спартакиада тарихта алғаш рет 17 спорт түрі бойынша ұйымдастырылды. Бағдарламаға жаңадан пара велоспорт, бочча, пара садақ ату және қыздар арасындағы голбол жарысы енгізілді. Бұл – елімізде паралимпиадалық спорттың ауқымы ұлғайып, оған деген қызығушылықтың артып келе жатқанының айқын көрінісі.  Осындай қадамдар болашақта жаңа жеңімпаздар буынының қалыптасуына негіз қалайды», — деді Болатбек Дукетаев.

Айта кетсек, VII республикалық Спартакиада 1–29 маусым аралығында Астана, Өскемен, Көкшетау, Тараз және Алматы облыстарында өтті. Жарыстар 17 спорт түрі бойынша ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 2000-ға жуық спортшы қатысты. Жалпы есеп бойынша 977 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Аталмыш доданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша Астана қаласы 463 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 432 ұпаймен Алматы қаласы еншілесе, үшінші орынға 408 ұпай жинаған Алматы облысы тұрақтады.

VII Спартакиаданың қорытындысы:


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eight + one =