7 шілде күні Ақтау қаласында тірек-қимыл аппараты мен көру органдары зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды. Ел біріншілігіне еліміздің 14 өңірінен 100-ден аса спортшы қатысуда. Жарыс классика және рапид ойын түрлері бойынша өтуде.
«Ойын өте тартысты өтуде. Спортшылар тыңғылықты дайындықпен келді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктеледі. Бұл чемпионат – 4-14 тамыз аралығында Моңғолияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып табылады. Алдағы әлемдік додада біздің спортшылар абыроймен ел намысын қорғайды деген үміттемін », – деді тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Нұржан Қонарбаев.
Айта кетейік, чемпионат 14 шілдеге дейін жалғасады.