Пара садақ атудан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Нұршат Төлеуқасым W1 классында 50 м қашықтықта 129 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Осы класста бірінші орынды қытай елінің спортшысы Чжан Тяньсин, ал екінші орынды тайландттық Самутчайякул Супхават еншіледі.
« Бұл жүлде — пара садақ атудан Азия чемпионатындағы жекелей сындағы алғашқы медаль. Жарыс олимпиадалық айналым жүйесі бойынша өтті. Осындай додада еліміздің спортшысы жүлдегер атануы қуантады»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара садақ атудан команда басшысы Ерлан Суеуов.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 31 маусым мен 7 шілде аралығында Бейжін қаласында (Қытай) өтті. Сары құрлықтың додасына 13 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы сынға түсті.Қазақстан тарапынан Арлан Атейбеков, Сағдат Дүйсембаев, Александр Медведев, Александр Рябов және Қайрат Сәркұлов ел намысын қорғады.


