Астанада ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі өтеді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі өтеді


Астанада 30 шілде мен 3 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі өтеді.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) күнтізбесіне енген бұл дода – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына және әлем чемпионатына іріктеу турнирі ретінде  саналады.

Рейтингтік жарысқа 14 елден 140-қа жуық спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Малайзия, Үндістан, Франция, Гонконг, Бельгия, Жапония, Оңтүстік Корея, Польша, Германия, Болгария, Ұлыбритания, Түркия және бейтарап (AIN) елдері жүлдені сарапқа салады.

Еліміздің атынан 39 отандасымыз бақ сынайды. Олардың арасында Париж Паралимпиадасында тұңғыш рет өнер көрсеткен Әли Мақұлбеков, халықаралық турнирлердің жүлдегері Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Ерлан Қазиев, Сәуле Айдарханова, Талғат Ерекеев cынды танымал спортшыларымыз бар.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 30 шілде күні сағат 13:30-да Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ:

30 шілде (сәрсенбі)

09:00 – 17:30 — Жеке сайыс

13:30 — Ашылу салтанаты

31 шілде (бейсенбі)

09:00 – 16:30 — Жеке сайыс

1 тамыз (жұма)

09:00 – 15:20 — Жеке сайыс

15:30 — Жеке сайыс бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

2 тамыз (сенбі)

09:00 – 18:30 — Жұптық сайыc

3 тамыз (жексенбі)

09:00 – 17:00 — Жұптық сайыс

15:00 — Жұптық сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 + 15 =