Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру


Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) ТБН №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын іске асыру жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі екі бағыт бойынша жүргізілді:

  • Орталықтың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 11 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 мекенжайында өтетін аталған талқылауға қатысуға шақырамыз.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 − 7 =