ITTF World Para Challenger Astana 2025: пара үстел теннисінен қазақстандық спортшылар 16 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ITTF World Para Challenger Astana 2025: пара үстел теннисінен қазақстандық спортшылар 16 медаль жеңіп алды


Пара үстел теннисінен 30 шілде – 3 тамыз күндері аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен ITTF World Para Challenger Astana 2025 турнирі мәресіне жетті.

 

Қазақстандық спортшылар жекелей разрядта 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Ал жұптық және аралас жұптық разрядта 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленді.

 

Жекелей разрядта:

 

Талғат Эрекеев – қола медаль (9-класс);

Марат Суртубаев – қола медаль(9-класс);

Аружан Гиниятова– қола медаль (7-класс);

Алтынай Ержанқызы – қола медаль (9-класс);

Галия Беспалая– күміс медаль (2-класс).

Жұптық және аралас разрядтар бойынша:

Ерлан Казиев – күміс медаль (жұптық, MD8 класс);

Кенгес Кониев – қола медаль (жұптық, MD8 класс);

Али Махулбеков – алтын медаль (жұптық, MD14 класс);

Ержан Жаканов пен Асхат Тажмиев –қола медаль (жұптық сын, MD18 класс);

Александра Степанова – қола медаль (жұптық, WD5-10 класс);

Алтынай Ержанқызы – күміс медаль (жұптық , WD14-20 класс);

Алена Кутявина – алтын медаль (аралас жұп, XD4 класс);

Мади Имаков пен Галия Беспалая – күміс медаль (аралас жұп, XD4 класс);

Али Махулбеков пен Айгүл Насихатова –қола медаль (аралас жұп, XD14 класс);

Маханбет Насихан мен Раушан Орынбаева – қола медаль (аралас жұп, XD17 класс);

Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы – күміс медаль (аралас жұп, XD20 класс).

 

Айта кетсек, халықаралық жарысқа 14 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстан тарапынан 39 спортшы өнер көрсетті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 + 18 =