Бүгін, 1 тамызда, Малайзияның Кучинг қаласында пара таеквондодан өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі. K44 классында Айкенже Дәулетшина (+65 кг) күміс,ал Бақберген Ғибратжан (58 кг), Жанболат Казиев (80 кг), Алишер Гариполлаев (80 кг) және Марьям Салимгереева (65 кг) қола жеңіп алды.
«Аталмыш бәсекеге Қазақстан тарапынан 10 спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдегерлер атанды. Осы жарыстың нәтижесі әр спортшының әлемдік рейтингтеріндегі ұпай сандарына әсер етеді. Осындай халықаралық турнирлерге қатысу арқылы спортшыларымыз шеберліктерін шыңдайды деген сенімдеміз»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара таеквондо спорт түрінің команда бастығы Ерлан Суеуов.
Айта кетейік, Азия чемпионатына 19 елден 100-ден астам спортшы қатысты.